«255 бірлік медициналық жабдықты, оның ішінде стационарлық және жылжымалы флюорографтар, сараптамалық сыныпты УДЗ, цифрлық маммографтар, бейнеэндоскопиялық кешендер, бейнефиброскоптар, жылжымалы рентген аппараттарын сатып алу арқылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын 100%-ға дейін қажетті аппараттармен қамтамасыз етеміз. Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 30%-ға дейін төмендетуге күш саламыз. Облысқа медициналық кадрларды тарту үшін баспанамен қамту жайын қарастырамыз», - деді жиында Айдар Сарипов.
Сонымен қатар, кандидат сайлауалды бағдарламаның өзге де өзекті тұстарын сөз етті. Тұрғындар сұрағына жауап беріп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдады. Өз кезегінде партия бастамаларымен танысқан дәрігерлер қауымы жобаларына ризашылықтарын жеткізді. Алдағы саяси науқанда қолдау білдіретіндерін атап өтті.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді