Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсібін тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар қатары жылдан-жылға толығып келеді. Солардың бірі – «АГФ Групп» өндірістік компаниясы ЖШС. ҚР Мәжілісі және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жадыра Таңатарова, Біржан Байтуов, Абуали Тасмурзаев, Алмасходжа Қайыпов, Бақытжан Жақсықұлов, Марат Сейтов аталмыш ұжым қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Фабрикада тігін өнеркәсібі үшін арнайы әзірленген кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізген. Фабрика заманауи зертханамен, тігін және пішу жабдықтарымен толық жабдықталған. Техникалық парк жыл сайын жаңартылып отырады.
– Бүгін қаламызда 107 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар. Онда 189,4 мың адам жұмыс істейді. Кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 38,9 пайызды құрайды, бұл әлі де аз көрсеткіш. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асатыны белгілі. Біз осындай межеге жетуге ұмтылуымыз қажет деп санаймыз. «AMANAT» партиясының бақылауымен 1,2 мың шағын және орта бизнес өкілін қолдауға жыл сайын бөлінетін 13 млрд теңге көлемінде қаражатты пайдаланудың тиімділігін қадағалайтын боламыз, – деді өз сөзінде Жадыра Таңатарова.
Басқосу соңында фабрика қызметкерлеріне партияның іске асырған жұмыстары мен жоспары жайлы үнқағаздар таратылып, кандидаттар 19 наурыз күні «AMANAT» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT"
партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.