Халықаралық байқауда аудармашы студенттер 2-орын иеленді
Халықаралық байқауда аудармашы студенттер 2-орын иеленді
1,046
оқылды
Г.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде «Artificial intelligence is a step towards development or a threat to the future» (Жасанды интеллект – дамуға қадам немесе болашаққа қауіп) тақырыбында студенттердің халықаралық онлайн-дебат сайысының қорытындысы шығарылып, дипломдар табыс етілді.    width= Пікірсайысқа Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Армения мемлекеттік экономика университеті және т.б. жоғары оқу орындардың 1-3-курс студенттері қатысты. Абай университетінің командасы Филология институты «Аударма ісі» мамандығының 1-курс студенттері Айша Байгаскина, Айым Бақытқызы, Динара Катренова, Жансая Нұрманқызы (жетекшілері: профессор А.К.Жұмабекова,   Ұ.А.Ислямова)  2-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.