Кеңес отырысында Ақмола облысының мәдениет және өнер саласында атқарылып жатқан жұмыстар тілге тиек етіліп, бұл бағытта бірқатар ұсыныс-тілектер айтылды.
– Мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі. Сондықтан өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын дамыту мәселесін қолға алу аса маңызды, – дейді Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.Ведомствоның мәліметтеріне сенсек, соңғы 3 жылда 4 млрд теңгеге өңірдегі 136 мәдениет нысаны жөндеуден өткен. Ал, биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы және Қазақстанның Жол картасы аясында 14 мәдениет нысаны ағымдағы және күрделі жөндеуден өтіпті. Бұл мақсатқа 1 миллиардтан астам теңге қарастырылған. Жалпы, биыл 10 айында облыста 739 000 көрерменді қамтыған 5000-нан астам мәдени іс-шара өткен.
Ақмола облысы