Атырауда дауылдан кейін 6 мектеп, 5 балабақша жарықсыз қалды
Атырауда дауылдан кейін 6 мектеп, 5 балабақша жарықсыз қалды
Фото: 24.kz
957
оқылды
Қазіргі уақытта жарықсыз қалған мектептердегі 10 367 оқушы қашықтан оқуға ауыстырылды. Сонымен бірге, 5 балабақша жарықтың жоқтығынан балаларды уақытша қабылдай алмай отыр. «14 қарашада негізінен Атырау қаласындағы Геолог, Жұлдыз, Жұмыскер ықшам аудандарында және ескі қала аумағында орналасқан балабақшалар мен мектептерде жарық өшіп қалған. Атап айтқанда  №26, №33, №35, №36 және Шағала балабақшасында электр тогы болмауына байланысты, 1062 тәрбиеленуші үйінде. №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп, №35 мектеп-гимназия,  №36 мектеп-гимназия, №39 орта мектеп, Қайырғали Смағұлов атындағы орта мектеп, Б.Нысанбаев атындағы орта мектепте оқитын  10307 оқушы онлайн оқуға көшірілді» делінген Атырау облысы білім беру басқармасы таратқан мәліметте. Апат салдарын жоюға жарықты қайта қосуы тиіс мекеме жұмысшылары жұмылдырылды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА