© Сурет ғаламтордан[/caption]
Нұ-Сұлтан қаласы ПД Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қаршыға Кішкентаевтың сөзінше, бүгінгі күні департаменттің ардагерлер ұйымының зейнеткерлік есебінде 23 әскери-интернационалист бар. Олардың барлығы сол қатыгез соғыста болып, аман-есен оралып, өз қызметтерін ішкі істер органдарында жалғастырды.
[caption id="attachment_21400" align="alignnone" width="1280"]
© Сурет ғаламтордан[/caption]
Ауған соғысына қатысқан осындай полицейлердің бірі -Жанайдар Жирентаев болатын. Әскери-интернационалист соғыстан оралғаннан соң құқық қорғау саласына қызметке келіп, полиция қатарында жұмыс атқарған. Жанайдар Жирентаев 1994 жылы ақпан айының 4-інен 5-іне қараған түні қызметтік міндетін атқару барысында қылмыскерлер қолынан қаза тапқан. Азаматтарды қорғауда батылдық танытқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жанайдар Жирентаев «Ерлігі үшін» медалімен қайтыс болғаннан кейін наградталды.
[caption id="attachment_21398" align="alignnone" width="1280"]
© Сурет ғаламтордан[/caption]
Марқұмның әкесі - Жирентаев Асқарбек Жанұзақұлы жиналғандар алдында сөз сөйледі.