Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД құтқарушылары оқиға орнына жедел түрде жіберілді.
Өрт сөндірушілер онда жеткенде бір қабатты ғимарат өртеніп жатқан. Сондай-ақ екі қабатты ангардың шатыры, газ толтыру станциясында газ лаулап жанып жатқан.
Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өрт сөндіруші учаскелер ұйымдастырылды.
Ал жедел жәрдем станциясының алдын ала ақпараты бойынша өрттен төрт адам зардап шеккен. Өрт сөндірушілер өртті сағат 00.05-те ауыздықтады.