Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы құны арзандады.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,65 теңгеге құлдырады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 443,26 теңге.
Ұлттық банктің 20 маусымдағы ресми бағамы бойынша 1 доллар – 446,87 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағасы – 443,50 теңге, сатып алу – 447,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату құны – 441 теңгеден болса, ал сатып алу – 443, 50 теңге.