Nur Otan партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның Атқарушы хатшысы болып Асхат Оралов Раздықұлы тағайындалды. Бұл туралы Nur Otan партиясының ресми сайты хабарлады.
Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 2008 жылы Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясын бітірген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Аударма ісі" (бакалавр), РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар университетін "Халықаралық қатынастар" (магистр) мамандығында бітірген. "Халықаралық қатынастар" мамандығының PhD докторы атағын да Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де алған. [caption id="attachment_182152" align="aligncenter" width="1023"]

