Мешіттің салынатыны туралы жаңалық 2019 жылдың 18 наурызында белгілі болды.
Жаңа мешіттің аумағы - 9,4 гектар. Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр болмақ. Мешіт мұнарасының биіктігі 130 метр, ал негізгі күмбездің биіктігі 88,2 метрді құрайды.
Ерлерге арналған ғибадат залына бір уақытта 15 мың адам сыйып кетеді, ал әйелдердің ғибадат залы 3 мың адамдық болады. Аулаға тағы 12 мың адам сыяды.