Би-би-си жаңалықтар бөлімінен 450 жұмыс орнын қысқартады
Би-би-си жаңалықтар бөлімінен 450 жұмыс орнын қысқартады
©BBC
224
оқылды
Би-Би-Си 2022 жылға қарай 80 миллион фунт қаржыны (103 миллион доллар) үнемдеуге бағытталған стратегия аясында BBC News-тің жаңалықтар бөлімінде 450-ге жуық жұмыс орны қысқаратынын жариялады, – деп хабарлады bbc.com. Оның ішінде, көпшілікке репортерлік материалдарымен танымал Виктория Дарбиширдің таңертеңгі телебағдарламасы да жабылады. Newsnight кешкі аналитикалық теледидарлық бағдарламасының штаттық саны, әсіресе журналистік тергеу бөлімінде қысқарту жүреді. Қысқарту BBC Radio 5 Live жаңалықтар радиостанциясында да болады. BBC World Service ағылшын станциясында World Update баңдарламасы жабылады. «Биылғы қысқарту толқыны Би-би-си Әлемдік қызметінің тілдік бөлімшелеріне әсер етпейді», – деп жауап берген BBC News басшысы Фрэн Ансворт корпорация қызметкерлерінің бірінің сұрағына. Айта кетейік, қазіргі уақытта BBC News штатында 6000 адам жұмыс істейді, оның ішінде Ұлыбританиядан тыс жерде 1700 журналист бар, ал қысқартудан кейін бюджет жылына 480 миллион фунт стерлингті (шамамен 625 миллион доллар) құрайды.