Судьялар білімді, адал болуы қажет – Н.Назарбаев
Судьялар білімді, адал болуы қажет – Н.Назарбаев
©Elbasy.kz
241
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, – деп хабарлайды Elbasy.kz. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің сот жүйесін реформалау және Ұлт жоспарындағы сот кадрларын іріктеу және дайындау бойынша шараларды жүзеге асыру жөнінде ақпарат берілді. – Жоғары Сот Кеңесі сот мамандарын іріктеуді іске асырады. Бұл жұмыс объективті болуы керек. Судьялар нақты конкурсқа сәйкес іріктеуден өтуге тиіс. Олар білімді, адал болуы, адамдармен жұмыс істей білуі қажет, – деді Елбасы. Кездесуде Талғат Донақов судьяларды іріктеуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді. – Жағдай өзгеріп жатыр. Судьяларға деген сенім артып келеді. Жұмыс барынша объективті және ашық жүргізілуде. Арнайы конкурстық комиссия құрылды. Оған судьялармен бірге заң қауымдастығы өкілдері, HR-мамандар, тәуелсіз сарапшылар кірді. Қазіргі таңда соттарға баратын кадрлардың дайындығы жоғары, жауапкершілі мол, – деді Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы.