«Абақтыда отырғаны туралы жазылмайды» – Алматыда сотталған балалар аттестат алды
«Абақтыда отырғаны туралы жазылмайды» – Алматыда сотталған балалар аттестат алды
477
оқылды

Мұндай қуанышты сәт Алматыдағы ЛА-155/6 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер арасында да салтанатты жағдайда өтті. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Мекеме жанындағы №3 жалпы білім беру мектебінде 39 бала білім алады. Оның ішінде 23-і қазақ бөлімінде, 16-сы орыс бөлімінде оқыды. Сотталғандардың ішінде 13 бала мемлекеттік үлгідегі жалпы орта білім туралы, 12 жасөспірім негізгі орта білім туралы аттестат алды. Білім алушылар ауыр қылмыс жасап, абақтыда отырса да, олардың аттестатында бұл туралы ешқандай мәлімет болмайды. Оқу жылының соңында 9-сыныпты бітіргендер үш пән бойынша, 11-сыныпты бітірушілер төрт пәннен мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан қорытындысы бойынша бес алғандар болмағанмен, жеті оқушы барлық емтиханды төртке тапсырды. Алматы қаласындағы аталған балалар колониясында қылмыс жасап, сотталған балалар жазасын өтейді. Республика бойынша жалғыз балалар колониясындағы жасөспірімдердің орта біліммен қатар, кәсіби білім алуына да барлық жағдай жасалған.

Бұған дейін абақтыда отырып, жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндік бар екені туралы жазған болатынбыз.