Дәретханасы далада орналасқан мектеп болмауы тиіс – Асхат Аймағамбетов
Дәретханасы далада орналасқан мектеп болмауы тиіс – Асхат Аймағамбетов
525
оқылды

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Мектептің сыртында орналасқан дәретхана мәселесі әлі де түбегейлі шешілген жоқ. Осыдан 1 жыл бұрын далада орналасқан 1 700 дәретхана бар еді. Бір жылдың ішінде 1 600 жылы дәретхана салынды», – деді Асхат Аймағамбетов.

Енді 100 мектептегі дәретханасы мәселесі 1 қыркүйекке дейін шешілуі тиіс. Қазір дәретханалар салынып жатыр.

Қазақстанда Таразда оқушы қыз мектептің дәретханасында зорлық көрген соң, мектеп дәретханаларын жөндеу басталды.