Республикалық олимпиада жеңімпаздары анықталды
Республикалық олимпиада жеңімпаздары анықталды
531
оқылды

30 сәуірде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталды. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 1600-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты, -  деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 122 оқушы алтын медаль, 214 оқушы күміс медаль және 349 қатысушы қола медальға ие болды. Айта кетейік, олимпиада алғаш рет прокторинг жүйесін қолдана отырып, «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша өткізілді.  width= "Барлық оқушыға олимпиадаға қатысып, пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге тек олимпиадада ғана емес, сонымен қатар барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз" - деп қолдау сөз білдірді олимпиада ұйымдастырушылары.