Әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайға оқу гранты бөлінетін болды
Әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайға оқу гранты бөлінетін болды
289
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік парақшасында бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайға оқу гранты бөлінетінін мәлімдеді.
«Польшада бокстан жастар арасындағы өткен әлем чемпионатында елорда тұрғыны Санжар Ташкенбай бірінші орынға ие болды. Санжар 11-сыныпта оқиды, мектептен кейін өмірін толықтай спортқа арнауды шешті. Санжарға жоғары оқу орнында оқуға грант бөлеміз, ақшалай сыйақы табыстадық. Сонымен қатар жастар арасындағы бокстан әлем чемпионы ай сайын 170 мың теңге көлемінде материалдық көмек алады. Жаттықтырушының еңбегін де атап өттік", – деді қала әкімі.
Көлгіновтің айтуынша, болашақ чемпиондарымызды қолдау үшін жаңа оқу жылынан бастап спорт саласы бойынша гранттар саны көбейтіледі. Қазір спортшыларға ай сайын бөлінетін материалдық мазмұнның мөлшері ұлғайтылды, ол соңғы 10 жылда өзгеріссіз болған. Бұрын ай сайынғы төлемді ұлттық құрамаға кірген 84 спортшы ғана алды. Қазір олардың саны екі есе өскен.