ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды
ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды
281
оқылды

Өтінімді қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды. Тіркеу бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады.

Тіркелгенде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын және өтетін орнын өз еркімен таңдауға болады. 15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыру үшін бірінші мүмкіндіктің, ал 1 мамырдан бастап екінші мүмкіндіктің күнін таңдау мүмкіндігі беріледі. ҰБТ 25 сәуір – 30 маусым аралығында өтеді. Осы аралықта ҰБТ-ға 2 рет қатыса алады. Жинаған ең жоғары балмен білім беру грантын иеленуге болады. Биыл мектеп бітіретін түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады.

Бұған дейін ҰБТ-ны электронды форматта өткізілетінін жазған болатынбыз.