Қордайдағы қақтығыс: Таяқ жеген қария Төлеген Құлашбаев денсаулығы туралы айтты
Қордайдағы қақтығыс: Таяқ жеген қария Төлеген Құлашбаев денсаулығы туралы айтты
Фото: Дереккөзден алынды
188
оқылды
Қордай ауданында болған оқиға салдарынан зардап шеккен қария Төлеген Құлашбаев  қазақстандықтардан  өш алмауды өтінді, - деп  жазады Tengrinews.kz. Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан зейнеткер Төлеген Құлашбаевтан Азамат Ерғали сұхбат алған. «Атамыздың дені сау, жағдайы мәз емес. Біраз таяқ жеген. Операцияға дайындалып жатқан атаның жағдайы қиын болғанымен, біздің Төлеген ата халықтан өшікпеуді сұрады. Бейбітшілік болса дейді. Ешқандай өш алудың керегі жоғын, халық зардап шегетін салдардың қажеті жоқ екенін айтты. Біздің аталарымыздың жомарттығы – бұл. Соларға құлақ асайық», – дейді Азамат Ерғали. Айта кетейік, біз Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауылдардағы қақтығыстан кейінгі жағдайды түгел баяндап отырмыз.