Қолданушылар Mail.ru-дың ақауына байланысты шағымданып жатыр
Қолданушылар Mail.ru-дың ақауына байланысты шағымданып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
424
оқылды
Әлеуметтік желіде Мail.ru пошта қызметінің жұмысындағы ақауға байланысты қолданушылар жеке поштасына кіре алмай жатыр, – деп жазады Tengrinews.kz. Ақау туралы мәліметтер ең бірінші рет 13:00-де Downdetector порталында пайда болды. Осы уақытта Mail.ru жұмысында ақау бары туралы есеп берулер 14 мыңнан асып түскен. Пошта қызметінің істен шыққаны туралы мәліметтер көбіне Ресейде байқалған.  Қолданушылар өз аккаунтарына кіре алмай жатыр.  Mail.ru – ірі коммуникациялық портал. Басты сервисі – Почта@mail.ru (сондай-ақ 2012 жылдан бастап – Mail.com) пошта қызметі. Пошта сервисінен басқа, компания пайдаланушыларға «Мой мир» әлеуметтік желісін, ойындар, коммерциялық, навигациялық және медиасервисті ұсынады.