Тоғызыншы қабаттан құлап түскен әйел аман қалды (видео)
Тоғызыншы қабаттан құлап түскен әйел аман қалды (видео)
© Сурет ғаламтордан
233
оқылды
Ол бірден жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер орташа деңгейдегі жарақат алғанын айтып отыр. Қазір өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ Ресейдің Ханты-Мансийск автономды округінің Излучинск елдімекенінде тоғызыншы қабаттан құлап түскен әйел бірден тұрып, көршілеріне кетті. Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген.   https://www.youtube.com/watch?time_continue=31&v=_twpmH34jjo&feature=emb_logo Кадрден әйелдің биіктіктен үйдің жанына жиналып қалған омбы қарға құлап түскенін көруге болады. Бұдан кейін ол дереу тұрып, көршілерінен жедел жәрдем шақыруды сұраған, деп хабарлайды НТВ арнасы.  Ол Нижневартовск ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер орташа деңгейдегі жарақат алғанын айтты. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу комитеті істің мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр.