Нұр-Сұлтанда туризм саласындағы соңғы трендтер талқыланып жатыр
Нұр-Сұлтанда туризм саласындағы соңғы трендтер талқыланып жатыр
5,182
оқылды

Елордадағы «Көрме» орталығында ТМД-да тұңғыш рет Азия-Тынық мұхиты аймағының РАТА халықаралық туристік көрмесі ашылды.

Үш күнге созылатын іс-шара барысында қатысушылар маңызды көрмелер мен В2В форматындағы кездесулерге, нетворкинг-платформа мен туризм саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелерге арналған іскерлік форумдарға қатыса алады.

«Көрме» кешенінің Конгресс-залында «Travolution»: технология күші Азия форумы» мен «Контент-маркетинг форумы: жетістік жолы мен контент жасаудың эволюциясы» атты екі іс-шара өтті.

«Travolution» форумының ашылуында сөйлеген «Эйр Астана» әуекомпаниясының бас директоры Питер Фостер соңғы 30 жылда туризм саласы түбегейлі өзгергенін атап өтті. Оның айтуынша, шетелге саяхат адамдардың әл-ауқаты өсуінің ғана емес, көп елдердің ашықтық деңгейінің артуы арқасында қолжетімді бола түсті. Қазақстанның бүгінгі туристік әлеуеті өте жоғары. «Әуекомпанияның жетекшісі ретінде Қазақстанда турбизнесті дамыту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатқанымызды айтқым келеді. Бұл ел – Ұлы Жібек жолының бір бөлшегі. Осында келу арқылы көшпенділердің тарихына жақындай түсесіз», – деді П.Фостер.

«Travolution» форумының бірінші сессиясы – Азия-Тынық мұхиты аймағында туризм саласына «үштік өлшемшарттың» ықпал етуіне арналған корпоративтік инновацияларға Азия даму банкінің, РАТА мен Plug and Play Tech Center өкілдері қатысты. Олар өздері жасап жатқан «Travel Lab Asia» бағдарламасы қамтитын негізгі мәселелерін форум қатысушыларымен бөлісті.

«Travel Lab Asia» – Азиядағы туризм саласының инновацияларына арналған платформа. Ол орнықты даму мен экологияның ең өзекті мәселелерін шешуде корпорациялардың бастапқы технологиялық шешімдерді табуына көмектеседі. Бағдарламаға пилоттық, пост-пилоттық жобаларға және қабылдау кезеңдеріне АДБ-ның қауіпсіз инвестициялық қажыландыруына арналған әлеует кіреді. Осы бағдарламаға қатысатын корпорациялар дүние жүзіндегі орнықты дамуға бағытталған стартаптар мен ұтымды шешімдерге қол жеткізеді.

Сессия спикерлері Қазақстанның туризм саласындағы мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін мемлекет, салалық және инновациялық компаниялар жұмыла жұмыс істеуі керек екеніне, бірігіп турбизнес қызметінің дұрыс экожүйесін құру қажеттілігіне тоқталды. Патрисия Нордстромның айтуынша, Plug and Play-дің маңызды қыры – мәдени менталитетті өзгерту. «Біз бүкіл әлемді аралаймыз және қазіргі таңда туристік компанияларға стартаптарға үлкен назар аудару керектігін айтамыз. Туристік бизнесті тиімді құруда олардың рөлі ерекше. Осыны ескеріңіздер»,– деді П.Нордстром.

Джейсон Ласк, АДБ: «Туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін, елдер бір-бірімен мәміледе болып, көршілердің табысты тәжірибесін зерттеуі, сондай-ақ өз елдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, оларды енгізуі керек. Бұл – туризм саласын дұрыс дамытудың кепілі»,– деді.

Келесі сессияның атауы «Әлеммен бетпе-бет». Ол жергілікті компаниялардың шетел нарығына шығу стратегияларына арналды. Сессия барысында, Aviata.kz-ның бас директоры Николай Мазенцев өз компаниясының қызметі мен басқа елдердің нарығына шығу туралы жоспарын айтып берді. Ұйым әуе және теміржол билетін онлайн сату бойынша Қазақстан нарығында көш бастап тұр.

«Біз Қазақстанда ғана жұмыс істеп жатырмыз, қазір Азияның басқа да нарықтарын қарастырудамыз. Бүгінгі таңда әуебилеттерді сату орнықты, барлық елде онлайн режимде жұмыс істейтін агенттіктер бар. Яғни, үнемі бәсекелестердің болатынын көрсетеді»,– деді Н.Мазенцев.

«Овертуризмге арналған цифрлы шешімдер» сессиясының қатысушылары танымал жерлерде туристердің бағыт табуына және белгілі бір уақыттағы (мереке күндері, демалыс және басқа уақыттарда) қандай да бір бағыттардың жүктемесіне қарай, саяхатты жоспарлауға жәрдемдесетін цифрлы платформаларды дамыту мәселелері талқылады.

«Тұтынушның мінез-құлқы қалыптастыратын тәжірибелік деректер» сессиясы алдыңғы сессияның қисынды жалғасы болды. Мұнда саяхатты жоспарлағанда (бағыттарды қарағанда, броньдағанда, бағыттарды жасағанда, көрікті жерлерді іздегенде және т.с.с.) технологияны қолдану ауқымды деректер қорын құратыны, оны дұрыс пайдалану компаниялардың клиентке бағыт алуына көмектесетіні сөз болды. Ауқымды деректерді талдаумен айналысатын компаниялардың міндеті – осы бір ақпарат ағынын кәдеге жарату.

Контент-маркетинг форумы: жетістік жолы және контент жасаудың эволюциясы түстен кейін басталды. Жаңа медианың бүкіл шоғырының сарапшылары қонақтарға, аудиторияға қызық өнімдерді жасау үшін қандай жолдарды таңдайтынын айтты. Сессия спикерлері цифрлы ақпараттық ресурстардың, әлеуметтік желілердегі фото және видео блогтардың, жалпы видео контенттің танымалдылығы артып келе жатқанын жеткізді.

BBC Global News-тің Жарнаманы сату жөніндегі вице-президенті Джон Уильямс өз сөзінде, қазір ВВС зерттеліп жатқан тарихи және археологиялық жаңалықтарға қатысты жұмыстарға көп көңіл бөлетінін атап өтті.

PTM 2019 аясында ҚазМЗУ-да Азия-Тынық мұхиты туристік қауымдастығының (Pacific Asia Travel Association – PATA) «Басынан соңына дейін: тарих бізді қалай байланыстырады» атты Жастар симпозиумы өтті. Симпозиум соңы студенттік клубтар мен туризм саласындағы жас мамандардың әлемдік туризм нарығының танымал тұлғаларымен және Азия-Тынық мұхиты туристік ассоциациясының Басқарма мүшелерімен кездесуіне ұласты.

Айта кетейік, іс-шараға жергілікті және шетелдік 120 студент, оқытушы, осы саланың түлектері мен мамандары жиналды.