Қытайда жаңа тәж вирусымен ауырғандар саны күрт өсті
Қытайда жаңа тәж вирусымен ауырғандар саны күрт өсті
© Сурет ғаламтордан
259
оқылды
«Қытайда тәж вирусының жаңа түрімен ауырғандар саны 1287 адамға дейін өсті, оның ішінде 41 адам қаза болды. Бұл туралы Мемлекеттік денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитеттің хабарламасында айтылған», - деп хабарлайды < РИА Новости агенттігі. Бұған дейін 830 адам ауру жұқтырғаны және оның 26 қайтыс болғаны туралы ресми түрде хабарланған болатын. "24 қаңтар күнгі түн жағдайына сәйкес, 29 провинция мен қалаларда тәж вирусының жаңа түрінен туындаған пневмонияны жұқтырудың расталған 1287 оқиғасы тіркелген, олардың 237 - сі ауыр жағдайда, 41 адам қайтыс болды (Хубэй провинциясында 39 адам, Хэбэй провинциясында 1 адам, Хэйлунцзян провинциясында 1 адам)", - делінген хабарламада. Бұдан басқа, толықтай емделген 38 науқас ауруханадан шығарылды. 20 провинцияда тәж вирусының жаңа түріне күдікті 1965 оқиға тіркелген. Вирус елдің 30 өңіріне тараған. Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 13 967 адам медициналық бақылауда. Материктік Қытайдан тыс жұқтырудың бес оқиғасы Гонконгта, екеуі - Макаода, үшеуі - Тайванда; төртеуі - Таиландта (екі пациент жазылып шықты), екеуі - Жапонияда (бір пациент жазылып шықты), екеуі - Оңтүстік Кореяда, екеуі - АҚШ - та, үшеуі – Вьетнамда, 3 – Сингапурда, 1 – Непалда, 2 - Францияда, 1-Австралияда тіркелді.