Зорлық-зомбылыққа жол жоқ
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ
256
оқылды

Президент Әкімшілігінің бастамасымен және «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру ұсыныстарын зерттеу және жинау мәселелері бойынша көшпелі сараптамалық тобының отырысы өтті.

Жиынға ШҚО әкімінің орынба­сары Әсем Нүсіпова, Nur Otan пар­тия­сы ШҚО филиалы төрағасының орын­басары Олег Чугунков және бір­қатар басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Отырысты кіріспе сөзімен ашқан ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова обылыста «Бақытты отбасы» пар­тиялық жобасының жүзеге асы­рылуымен балалардың құқықтарын қорғау және аз қамтылған, жағдайы тө­мен отбасыларға көмек көрсету бойын­ша атқарылып жатқан жұмыс­тарға тоқталды.

14 өңірдің әкімдері қол қойып, жү­зе­ге асыруды бастаған, «Бақытты от­ба­сы» жобасында отбасының қаржы­лық жағдайын жақсарту, балалар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру, жұ­мыс­пен қамту және қосымша білім беру­ді қамтамасыз ету, кәмелетке тол­­мағандарға қатысты зорлық-зом­бы­лықты анықтау сияқты 70-тен ас­там іс-шара жүзеге асырылатын бо­лады.

– Шығыс Қазақстан облысында өңір басшылығы жол картасында от­басы және жастар істері жөніндегі бас­қарманың ашылуын бекітті. Ол ве­домствоаралық үйлестіруді құруға жә­не балалар мен отбасылардың құ­қықтары мен заңды мүдделерін қорғау са­ласында жүйелі тәсілді орталық­тан­дырып құруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Nur Otan партиясы жанын­дағы Балалардың құқықтарын қорғау кеңесінің мүшесі Рысты Жұмабекова.

Айта кетейік, Nur Otan партиясы жа­нындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес­тің жұмыс тобы Шығыс Қазақ­стан облысында 19-21 тамыз аралы­ғын­да жұмыс істейді.