«Жәрдемақы+қызметтер» тәсілі тиімді ме?
«Жәрдемақы+қызметтер» тәсілі тиімді ме?
131
оқылды

«Жәрдемақы +» атаулы әлеуметтік көмегінің біріктірілген үлгісін іске асыру жайын талқылады.

Семинар Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен ұйымдастырылған.

Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламаларын жетілдіру міндеттерін тиімді орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, «Жәрдемақы + қызметтер» атаулы әлеуметтік көмек бағдарламаларын ұсынудың біріктірілген үлгісін енгізудің пилоттық жобасын бастады.

    –ЮНИСЕФ Үкіметтің күнкөрісі төмен азаматтар мен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті күшейтуге бағытталған биылғы бастамасын қолдайды, –деді Вероника Ващенко.

«Жәрдемақы + қызметтер» үлгісінің маңыздылығы – қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың, 1,5 миллионның 60 пайызын құрайтын балалардың мүддесін бірінші орынға қоюында.Бұл жобаны іске асыру күнкөрісі төмен балалары бар отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің жаңа және халықаралық тәжірибеде жақсы көрсеткіштері бар тиімді механизмдерін сынап көруге мүмкіндік береді.

Семинар барысында дайындық жұмыстарының нәтижелері ұсынылды, оның аясында министрлік пен ЮНИСЕФ сарапшыларының нормативті-әдістемелік құжаттарды жинау үшін ел аймақтарына бірлескен жұмыс сапарлары, сондай-ақ жергілікті мамандардың Қазақстандағы атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі дамыту туралы пікірлері айтылды.

Халықаралық сарапшы Мартин Эванс «Жәрдемақы + қызметтер» тәсілін жүзеге асырудағы шетелдік тәжірибеге шолу жасады. ЮНИСЕФ-тің ұлттық кеңесшілері пилоттық жобаның дизайны бойынша бастапқы ұсыныстарын көрсетті.

      Еске сала кетейік, биыл 27 ақпанда Тұңғыш Президент 2016 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп әзірлеген, ЮНИСЕФ-тің ұсыныстары ескерілген жаңа әлеуметтік көмек бағдарламасын қабылдағандығы жайлы жариялаған еді.

 Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ