«Жоқ» деген «жоқ!»
«Жоқ» деген «жоқ!»
235
оқылды

Жақында жол үстінде болған зорлау фактісі бойынша сот айыпталушы азаматтарға 2,5 жыл түрме жазасын кескені туралы жаңалық қоғам наразылығын туғызды. Қылмыскерлерге жеңіл жаза берілгенін сынаған белсенділер мәселенің бір ұшын Қылмыстық кодекстегі зорлау бабының орташа деңгейлі қылмыстар санатына жатқызылуынан іздеді. Әлеуметтік желіде белсенді жастардың бір тобы «#ОрташаЕМЕС» флешмобын бастады. Флешмоб қатысушылары «Арыз жазу – ұят емес, зорлық-зомбылық жасау ұят», «Жәбірленушіні емес, қылмыскерді айыптаңдар», «Жоқ деген жоқ», «Зорлама» деген жазуы бар парақтарды ұстап түскен сурет астына аталған мәселеге қатысты ойларын жазды. «Айқын» редакциясы флешмоб авторларының бірі Айгерим Шадеевамен сөйлесіп, жедел сұхбат алған еді.

Айгерим Шадеева – Назарбаев уни­верситетінің түлегі. Оқу бітір­ген соң, Мәскеудегі McKinsey кон­сал­тингтік компаниясында жұмыс істе­ген. Қазір достарымен бірге құр­ған Astana debate union үкіметтік емес ұйымында қоғамдық саладағы тә­жірибесін толықтырып жүр. Таль­годағы зорлық туралы жаңа­лық­тан кейін Айгерим бұл мәселеге көпшілік назарын аударатын жоба жасауды қолға алған. Әлеуметтік желіде қолдаушыларының қатары күн өткен сайын артып келе жатқан жобаның ерекшелігі мен маңызы туралы оқырманға түсінікті етіп баяндау үшін, Айгерим айтқан ойларды бөлмей беруді жөн көрдік.

Досыммен бірге отырып, акция жа­сау үшін жылдық жоспар мен ұзақ дайындық қажет емес деген бай­ламға келдік. Аз уақытта ұйым­да­сып, әлеуметтік желіге «фотограф, ви­зажист пен суретке түсетін мо­дель іздейміз» деген хабарландыру сал­дық. Көп ұзамай онлайн талқы­лауға 85 адам қосылды. Онда жас­тар мәселеге қатысты көзқа­рас­тары­мен бөлісіп, қоғамдық маңыз­ға ие тақырыптарды қызу тал­қы­лады. Осыдан кейін бәрін фото­тү­сірілімге шақырдық. Суреттер дайын болған кезде флешмоб қа­тысушылары оларды әлеуметтік же­лідегі парақшаларына жүктеп, жаз­баларымен бөлісті.


Менің ойымша, зорлау – ауыр қыл­мыс. Бірақ флешмобтың мақ­са­ты – заңды өзгерту емес, адам­дар­дың аталған мәселе жөнінде кө­бірек білуіне жағдай жасау. Өйт­кені заңға өзгеріс енгізу сияқты жұ­мыстар бір ғана флешмоб өткізу емес, заң шығарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс істеу ар­қылы жүзеге асуы керек деп ой­лаймын. #ОрташаЕМЕС хэштегін әлеуметтік желідегі оқырмандарым таңдады. Соған қарағанда зорлау қылмысының санатын өзгерту туралы ұсыныс көпшіліктің кө­кейіне қонған сияқты. Флешмобтан кейін зорлау үшін берілетін жазаны қатаңдату үшін күресуге дайын аза­маттар табылса, тек қуанамыз. Әзірге жоба арқылы жастардың қа­лып­тасқан жағдаймен тереңірек танысқанын қалаймыз. Осыған дейін әртүрлі платформаларда сауалнама жүргізіп, көп адамның зорлау үшін қандай жаза бері­ле­тінінен бейхабар екенін түсіндім. Зор­лаудың орташа санаттағы қыл­мыс деп мойындалуынан күдіктіні сот­қа дейін қамау мүмкін емес. Одан бөлек, сот үкімі шыққан қыл­мыскерлер әдетте жақсы тәртібі үшін немесе Қазақстанда жиі болатын мерекелерге орай әртүрлі амнистияға ілініп, бостандыққа шығып жатады. Адамдардың көбі бұл туралы білмейді. Сондықтан Алматыдағы қоғамдық орында зорланған қыздың оқиғасы сияқты жағдайлар жиі қайталанады. Медеу мұз айдынындағы зорлау фактісі бойынша жауапқа тартылған қылмыскер амнистия бойынша бо­сап шығып, тағы бір қылмыс жа­сап үлгерген. Менің ойымша, мұн­дай оқиғалар қалың көпшілік на­зарына ұсынылуы керек.


Акцияның тағы бір мақсаты – зор­лық құрбандарына өз ба­сынан өткен жағдай туралы қоғамда ашық айту ұят емес екенін түсіндіру. Мәсе­лен, үйіңізді біреу өртеп кет­се, сіз бұл үшін ұялмайсыз. Өзіне қарсы жасалған қылмыстың қай түріне болсын жәбірленуші кінәлі емес. Адамның киімі, өзін-өзі ұстауы, жынысы, жасы оған көр­­сетілген зорлықты ақтай алмай­ды.

Көбіне кінәні жәбірленушіден із­дейтін қоғамдық сананы өзгерту үшін жыныстық бопсалауға ұшы­раған, зорлық-зомбылық құр­баны болған азаматтардың оқиғасы жиі айтылуы керек. Мұндай оқиғамен кез келген адам бетпе-бет келуі мүм­кін екенін түсіндіру үшін, қо­ғамға белгілі танымал тұлғалар өз тәжірибелерімен ашық бөліссе жақ­сы болар еді. Сонымен қатар от­басында балаларға жыныстық тәр­биені дұрыс беру де өте маңыз­ды. Өкінішке қарай, біздің қоғамда бұл тақырып әлі де жабық күйінде қалып отыр. Көп жағдайда зорлық жа­саған кісі бөтен адам емес, жә­бір­­­лену­шінің айналасында жүрген азамат боп шығады. Сондықтан кіш­кентай күнінен бастап, балаға оның дене­сіне қол тигізуге еш­кім­нің құқығы жо­ғын түсіндіру қажет.