Кеселмен күрес кешенді
Кеселмен күрес кешенді
228
оқылды

Қоғамның басты дерті саналатын сыбайлас жемқор­лықпен күрес жалғасын табуда. Соңғы 3,5 жыл­да жол құрылысы сала­сында 100-ге жуық жемқорлық дерегінің жолы кесілген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақ­стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында: «Сы­бай­лас жемқорлықпен белсенді кү­рес жалғасатын болады. Бірін­шіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азай­туға қол жеткізген жөн.

Жер қатынастары мен құры­лыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты маза­лайтын мәселелердің бірі болып саналады. Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр.

Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәлі­меттердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырамын. Осы мәселе бойынша тәртіп ор­натып, жерді нақты инвестор­ларға беру керек! Бұл – бір ғана мысал. Жұрттың және бизнес қоғамдастығының наразылығын туғызатын басқа да бағыттар бойынша тиісті реттеу жұмыс­тарын жүргізу керек. Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемле­кеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс. Сол үшін Мемлекеттік көр­сетілетін қызметтер туралы заң­ды жедел жаңарту керек. Екін­шіден, қарамағындағы қызмет­керлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жа­саған жағдайда бірінші басшы­лардың жеке тәртіптік жауап­кершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет. Сонымен қатар адал жұмыс істейтін қызметкер тексерушілерден қорықпауы тиіс. Үшіншіден, «Сыбайлас жем­қорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжі­рибесін тарату керек», – деген болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес бүгінгі күндері қар­қын­ды жүргізіліп те жатыр. Дегенмен әр салада орын алған жемқорлық салдарынан миллиондаған ақ­ша желге ұшуда. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, Қа­зақстан автокөлік жолда­рының сапасы бойынша әлемдік рей­тингтің аутсайдері атанды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төра­ға­сының бірінші орынбасары Ол­жас Бектенов: «Автокөлік жол­­дары саласындағы проблема­лар­дың ауыртпалығын халық кө­реді. Өкінішке қарай, 2018 жыл­дың қорытындысы бойынша біз­дің еліміз жолдардың сапасы жағынан 140 елдің арасынан 106-орынға қойылды. Біз аут­сай­дерміз. Жолдардың жаман күйде болуына негізінен сыбайлас жем­қорлық себеп. «ҚазАвто­Жол», «Қазақ-АвтоДор» сияқты ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, зертханалар мен өзге де көптеген құрылым қызмет­керлерінің жолдан ақша жегені әшкереленді», – дейді.

Жол құрылысынан ақша жеу деректері негізінен парақорлық, келісімшартқа қол қою, заңсыз кәсіпкерлікке жол беру, әкім­шілік шаралар қабылдамау, сон-дай-ақ мемлекеттік сатып алу барысында бюджет қаржысын жымқырумен байланысты бо­лып отыр.

Өкінішке қарай, 2018 жыл­дың қоры­тындысы бойынша біз­дің еліміз жолдар­дың сапасы жағынан 140 елдің арасынан 106-орынға қойылды. Біз аут­сай­дерміз. Жолдардың жаман күйде болуына негізінен сыбайлас жем­қорлық себеп.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті басты мақсат етіп алған агенттіктің Жұртшылықпен бай­ланыс жөніндегі департамент ди­ректоры Арман Бердалин: «Қазақстанда қылмыстық заңна­маны ізгілендіру бойынша үлкен реформа жүргізілді, түрме­дегі­лердің саны едәуір азайды. Сіздер білетіндей, 2014 жылғы Қылмыстық кодекспен қылмыс­тық жазаға тарту жүйесі қайта өңделіп, 1997 жылғы Қылмыстық кодекспен салыстырғанда «ізгілендіру» төмендетілді. Атап айтқанда, 160-тан астам санк­ция­ға қосымша балама ретінде енгізілген айыппұл түріндегі жазаға тарту шарасы елеулі өзгерістер әкелді. Егер де адам біржолғы сипаттағы сыбайлас жемқорлықта күдікті болып танылатын болса және оның бой тасалауына ешқандай себеп жоқ болса, оның еркіндігін шектеуге қандай қажеттілік бар? Олар қоғамнан оқшауландырумен байланысы болмаса да, олардың барлығы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған», – дейді. Еселенген айыппұлдар соттарға алынған пара сомасына сәйкес келетін әділ жазалауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, әрбір тұлғаға қатысты өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құ­қығынан айыру, әскери және өзге атағынан, мемлекеттiк наг­ра­даларынан айыру түріндегі қосымша жазаға тарту шарасы қабылданады. Бұл соттармен қабылданатын жазалардың тиім­ділігіне оң әсерін тигізеді және бұрын сотталған тұлғалармен қай­та сыбайлас жемқорлық қыл­мыстарын жасау мүмкіндігін жоймақ.

Барлық сыбайлас жемқор­лық баптары бойынша мемле­кет­тік қызметте қызмет атқару құ­қы­­ғынан айыру қолданылады», – дейді ол.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сыбайлас жем­қорлық саласындағы қылмыс­тық істер бойынша 1 561 тұлға 13,4 млрд теңге сомадан астам айыппұл түріндегі жазаға тар­тылды. Бұл барлық құқық қорғау органдарымен тергелген қыл­мыстық істерге қатысты. Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тер­геу материалдары бойынша 2016 жылдан бастап қазіргі уа­қытқа дейін сыбайлас жемқо­р­лық құқықбұзушылықтары үшін 1 315 тұлғаға 9 млрд 642 млн тең­геден астам еселенген айып­пұл салынған.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департа­мен­тінің ювенальды полиция тобы­ның кәмелетке толмағандар іс­тері жөніндегі учаскелік инспек­торлары А.Хабибулина, Ә.Най­забекова, Б.Есеналиева жеке кә­сіпкерді әкімшілік жауап­кер­шілікке тартпауы үшін 300 мың теңге сомасындағы пара алуда 7,5 млн теңге сомадағы еселенген айыппұлға сотталды. Айыппұлды төлемеуіне байланысты жаза 7 жыл бас бостандығынан айы­руға ауыстырылды. Өзге мысал, азаматқа қатысты қылмыстық істі тоқтату үшін 200 мың теңге сомадағы пара алғаны үшін сот­талған Атырау облысы ІІД Мақат аудандық Ішкі істер бөлімі бас­тығының орынбасары Д.Бул­жановтың 17,5 млн теңге сома­да­ғы еселенген айыппұл жазасы 5,6 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде алға қойылған тоғыз бағытты ай­қындап берген болатын. Соның бі­рі – Сыбайлас жемқорлықты жою. «Бірінші қыркүйекке де­йін жемқорлықтың деңгейін мей­лінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайын­далады. Жемқорлық – мемле­кеттің дамуын тежейтін кесел. Бұл – қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіп­сіз­дігіне қатер төндіретін құ­бы­лыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз», – деді.


Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ