Тазалық акциясына белсене қатысты
Тазалық акциясына белсене қатысты
538
оқылды

Жер жаннаты – Жетісу өңірінің тұрғындары да #Birge #TazaQazaqstan акциясына белсене атсалысты. Барлық аудан, қалаларда ұйымдастырылған тазалық шарасына 48 мыңнан астам жетісулық қатысты. Облыстық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, бір күнде жалпы көлемі 1317 гектар аумақ тазаланып, 612 тонна қоқыс шығарылыпты.

Қапшағай қаласының тұр­ғын­дары белсенділік көрсетті. Жаз айларында демалушылар көптеп келетін шаһар тұр­ғын­дары­ның үш жарым мыңнан аста­мы қала көшесі мен жа­ға­жайды тазалады. Шараға ар­найы келген облыс әкімінің мін­детін атқарушы Серікжан Бескемпіров:

– Үкімет басшысы Ас­қар Мамин тарапынан қол­дау тапқан Экология, геология жә­не табиғи ресурстар ми­нис­трі­нің бастамасына сай Қа­зақ­стан бойынша жүріп жатқан та­залық акциясына жетісу­лық­тар да өз үлестерін қосып отыр. Отанын сүйетін әр азамат туған жерінің тағдырына, қор­шаған ортаға жанашырлықпен қарауы тиіс. Бүгінгі сауапты әрі шара­патты істің нәтижесінде ай­наламыз тазарып, елдің та­би­ғат аясында еркін тынығуына жағ­дай жасалатын болады. Іске сәт­! – деді.

Акцияның ресми ашылуын­да облыстық Экология де­пар­та­ментінің басшысы Қонысбек Байеділов, Қапшағай қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төра­ғасы Амангелді Бесбаев, жас­тар атынан Нарық Қима­диев сөз сөйлеп, жерлестерін та­биғат тазалығы шарасына бел­сене қатысуға шақырды.

Қаладағы барлық мем­ле­кет­тік мекемелер, коммуналдық кә­сіпорындар, білім беру са­ла­сы, түрлі кооперативтер, ерік­ті жастар, жалпы тұрғындар ортақ іске жұмыла кірісті. Техни­ка­ның көмегімен қаладағы бар­лық көше бойларын, ғимарат­тар аумағын, орталық бу­львар­ды, ықшамаудандарды, жал­пы аумағы 40 шақырым бо­латын 7 жағажайды қоса ал­ған­да 220 гектар болатын аумақ та­за­ла­нып, 50 тоннадан астам тұр­мыс­тық қатты қалдықтар по­ли­гонға жеткізілді.  

Табиғат қорғау саласы ма­мандарының айтуынша, балық ау­лаудың тыйым салынған құралдарын пайдаланып, оны суға қалдырып кететіндер жиі кездеседі екен. Бір рет қана пай­далануға жарайтын торлар суда қалады да, оған балықтар шырмалады. Шіруі ұзаққа созылатын тор табиғатқа орны толмас зиян келтіреді. Осындай зардабы көп аулау құралдарын судан алып шығуға 5 катердің командасы көмектесті. Акцияға қатысушылар арасында арда­герлер де болды.

Осындай экологиялық шара туристердің сүйікті орын­да­рына айналған Алакөл, Бал­қаш көлдерінің жағалауын, өзендердің бойын, жалпы көп­шілік демалатын орындар­ды қамтыды. Алакөл ауданында акцияға 11 мыңнан астам адам қа­тысып, көл жағалаулары та­за­ланып, көріктеніп қалды.

 

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы