Биыл қажылыққа қанша адам барады?
Биыл қажылыққа қанша адам барады?
266
оқылды

Елімізде жыл сайын мұсылмандық парызын өтеу үшін қасиетті сапарға шығатын адам саны артып келеді.

Биыл қажылық маусымы 30 шілдеден басталады және елімізден 3200 адам Меккеге аттанатын болады.

   «30 шілде күні қажылыққа ниет танытқан азаматтар Шымкент пен Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясына аттанады. Осы қажылыққа бару бойынша Сауд Арабиясы Корольдігі тарапынан бізге 3 200 азаматқа квота берілді», – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нөкежанов Қазақстан азаматтарының қажылығын ұйымдастыру бойынша өткен баспасөз конференциясында.

       Қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылыққа баратын адамдар үшін арнайы миссия құрып, мешіттерде түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Арнайы миссияның құрамында басшылық өкілдері, имамдар, дәрігерлер және БАҚ өкілдері бар.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ