Тауар өндірушілер жәрмеңкесі өтті
Тауар өндірушілер жәрмеңкесі өтті
255
оқылды

Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-байқауы және «Оңтүстік өнімдері» атты көрме-жәрмеңкесі өтті.

Көрмеге мегаполистегі тамақ, дәрі-дәрмек, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп пен құры­лыс, ауыл шаруа­шылығы саласына қажетті өнімдер өндіре­тін жүзден астам отандық тауар өндіруші компа­ниялар қатысып, өз өнімдерін көпшілік­тің назары­на ұсынды.

Шараны жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатын­да Шымкент қаласы әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасы ұйымдас­тырған.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова мен қалалық «Атамекен» кәсіп­кер­лер палатасы өңірлік кеңе­сінің төра­ғасы Қ.Молда­сейі­тов баста­ған топ көрші облыстардан келген кәсіпкерлер мен компа­ния басшыларын және жергі­лікті сауда желілерінің өкілдерін көрмеге қойылған отандық өнімдермен таныстырды.

Көрме-жәрмеңкенің ашылу салтанатында сөз алған қала әкімінің орынбасары миллион­нан астам тұрғыны бар мега­по­лис мәртебесін алғалы алғаш рет өткі­зі­ліп отырған Шымкент­тегі бұл шараның маңызына тоқтал­ды. «Қаламызда «Үдемелі индус­триал­ды-инновациялық даму» бағ­дарламасы аясында 75 млрд тең­гені құрайтын 18 жоба іске асты. Бүгінде онда 2 000-нан астам жұмыс орны құрылды. Өткі­з­іліп отырған көрме-бай­қау­­­да отандық тауар өн­діру­ші­лер 3 номинация бо­йын­­ша жеңім­паз атанып, рес­пуб­лика­лық бай­қауға жолда­ма алады. Қонақ­тарды отан­дық тауар­лар­ды белсенді түрде са­тып алуға шақырамыз. Осы­лайша, жергі­лік­ті кәсіпкер­лердің қанатын кеңге жаюына мүмкіндік туғы­за­­мыз», – деді Гүлнар Құрман­бе­кова. Ал «Ата­ме­­кен» кәсіп­кер­лер палатасы өңір­лік кеңе­сі­нің төрағасы Қ.Молда­сейі­тов бизнес бастай­мын деп тал­пын­ған әрбір кәсіп­керге мейі­лінше көмек қолын созған жер­гілікті билік­ке алғы­сын біл­дірді. Сон­дай-ақ бәсе­ке­лес бар жерде тауардың да са­пасы жоғары, ал бағасы қол­же­т­імді болатыны тура­лы айта келе, кәсіпкер­лер­дің бәсе­келестіктен қорықпау қаже­тін тілге тиек етті.

Қалалық кәсіпкерлер пала­та­­сы­ның директоры Н.Қа­быш­таев жыл сайын болатын дәс­түр­лі кон­курс­тың биылғы ерек­шелігі – қыз­мет көрсету сала­сына ден қой­ған кәсіп иелерінің де шақы­рылуында деп атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкерлік пала­тасы тарапы­нан тауар өндіру­шілердің мем­ле­кеттік сатып алу жұмыс­тарына көңіл бөлінбек.  

Аталған шарада «Фиркан», «Маг­нум», «Имран» және «Рах­мет» сынды желілік сауда орын­дары­ның басшылығы жергілікті кәсіпкерлермен келісімшартқа отырды.

Сондай-ақ жиын соңында «Халық тұтынатын үздік тауар­лар», «Өндірістік мақсаттағы үз­дік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауар­лары» аталымдары бойынша жеңімпаздар анық­талып, оларға жыл соңында елор­дада өтетін «Қазақ­станның үздік тауары» рес­публикалық байқауына қаты­суға жолдама берілді.


Е.МҰРАТБЕК, 
Шымкент қаласы