Полициямен тікелей тілдесу оңайлады
Полициямен тікелей тілдесу оңайлады
335
оқылды

Алматы полициясы INFOGOV мобильді қосымшасын қолданысқа енгізді.

Алматы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаевтың айтуынша, жаңа қосымшаның артықшылығы көп.

– Бұл қызмет азаматтарға әртүрлі келеңсіз жайттарды сурет, бейнетаспаға түсіріп, аудио жазып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, смартфонға орнатылған мобильді қосымшаны пайдаланып, орталық серверге жібере алады. Полиция өз кезегінде келіп түскен деректерге сүйеніп, хабарламалар картасын жасайды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін ақпаратқа талдау жүргізеді. Интерактивті коммуникация жүйесі азаматтар мен полицияның бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Барлық дабылға тиісті шаралар қабылдау арқылы дереу жауап береміз. Қазіргі уақытта департаменттің ресми сайтында «Басшы блогы» ашылды. Азаматтар сұрақтарына тікелей жауап ала алады. Көмек уақытылы көрсетіледі. Биыл осы кезге дейін тұрғындардан 1 310 өтініш түскен, – деді Серік Күдебаев.