Арыстық қарияны құтқарды
Арыстық қарияны құтқарды
194
оқылды

2019 жылғы 26 маусым күні 14.30-дар шамасында Түркістан облысы Арыс қаласы полиция қызметіне жарылыс кезінде Май­лықожа көшесіндегі №42 үйдің тұрғыны үйінде жалғыз өзі қалып қалғаны ту­ралы хабарлама келіп түседі.

Қарияның 1940 жылы туған Пернебек Маханбетов екені, сон­дай-ақ ақсақалдың көзі көрмей­тіні, құлағы естімейтіні, 1-топ­­тағы мүгедек екені анықталады.

Хабарлама түсе салысымен, Арыс-1 стансасындағы Желілік полиция бөлімі бастығының орын­­­басары, полиция подпол­ков­­нигі А.Орманов, Арыс-2 стан­сасы ЖПБ бастығы, поли­ция майоры М.Мақұлбеков және Арыс-1 стан­сасы ЖПБ Әкімшілік полиция бөлімше­сінің Кәмелетке толма­ғандар ісі жөніндегі Ювеналды полиция тобының полиция аға лейте­нанты А.Тұрабеков көрсетіл­ген мекенжайға барады. Үш күн бойғы жарылысты естімей, жа­тып қалған қарияны Арыс қала­сынан тыс жерге алып шығып, дәрігерлер қолына табыстайды.

Бұл – тыңғылықты іздеудің нә­тижесі. Қандай жағдай болма­сын полиция қызметкерлері мін­детін адал атқаруы керегінің кө­рінісі.

Айбике ЖАНАСЫЛ