Жазғы мектеп басталды
Жазғы мектеп басталды
207
оқылды
Қазақстан халқы Ассамблеясы және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбындағы жазғы мектеп басталды.  

Шымкент қаласындағы Дос­тық үйінде өтетін жазғы мек­тептің жұмысы 30 маусымға де­йін жалғасады. Жазғы мектепте дәріс беретін лекторлар мен тре­­нерлер қатарында ҚХА өкіл­дері, Орталық Азия өңіріндегі эт­носаралық және конфессияа­ра­лық қатынастарды зерттеу ор­та­лығының мамандары, отан­дық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, дінтану және теология мамандары, медиа-тренерлер мен бизнес-кеңес­шілер қатысады. Жазғы мектеп облыстар мен республикалық маңызы бар үш қаланың жас мемлекеттік қызметшілері мен ҚХА этномәдени бірлестік­те­рінің жас көшбасшыларына арналып отыр.

Жазғы мектеп жұмысы ке­зінде тыңдаушылар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.На­зар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық ма­қалаларында көрсетілген мін­деттердің мәнін ашып көрсету; Жастар жылы аясында жас мем­лекеттік қызметшілердің қо­ғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуде мем­лекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша тың­даушыларды кәсіби білімі мен дағдыларын арттыру; медиа­цияның келіспеушілік дауларын шешудің баламалы тәсілі ретін­дегі рөлімен танысады. Тыңдау­шылар бәсекеге қабілетті тұлға­ның негізгі дағдысы – көпшілік алдында сөз сөйлеу технология­сын да осы мектепте меңгереді. Қоғамдық қатынастардағы діни ағымдарды қарастыру және дес­труктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл әдістерін анық­тап, қо­­ғамдық және этносаралық ке­лі­сім мәселелері бойынша тәжі­рибе алмасады.

Айдана БЕГІМ