Өмірзақ Шөкеев: Арыстың тұрғындары көшіріледі (видео)
Өмірзақ Шөкеев: Арыстың тұрғындары көшіріледі (видео)
240
оқылды

Арыстағы төтенше жағдайды облыс басшысы бақылауына алды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды.

«Құрметті тұрғындар мен дәл қазір Арыс қаласындағы штабтан сөйлеп тұрмын. Бүгінде Youtube, әлеуметтік желілерде зардап шеккендердің түрлі бейне жазбаларынды көріп жатырмыз. Барлықтарыңыздан сұрайтыным, егер түсіріп жатсаңыздар бұл оқиғаның қайда болып жатқанын атап көрсетсеңіздер. Облыста, Ордабасы және Отырар аудандарында екі үлкен госпиталь жасақталды. Барлық жедел жәрдем топтары осында шоғырланған. Сіздер көрсеткен мекенжай бойынша шығып, көмек көрсететін боламыз. Әскерилердің айтуынша аса үлкен қауіп жоқ», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті.

https://youtu.be/YDtZQdnC9KU

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды

1.Ақдала бұрылысы

2. 41 разъезд

3. Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.

Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.

Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.

Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.

Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан "Бөген" су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз. Сондай-ақ,Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде.