Бас амандығы – бәрінен маңызды
Бас амандығы –  бәрінен маңызды
290
оқылды

Кентау орталық қалалық ауруханасының базасы­нан инсульт орталығы ашылды. Бас миының компьютерлік томогра­фия­сы инсульт­тың және бас ми жарақа­ты­на нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Кентау орталық қалалық ауруханасында инсульт­пен сырқаттанған науқас­тар ем қабылдай алады. Осы уақытқа дейін олар Түркістан қаласындағы инсульт орталығына жолданатын.

Жергілікті бюджеттің қар­жы­­ландыруымен 2018 жылдың шілде айында Optima 540 ком­пью­­терлік томографиясы 269 500 000 теңгеге сатып алын­ған еді. Бұл аппарат арқылы дерт­ті сырқаттанудың ерте кезе­ңі­нен-ақ анықтауға мүм­кін­дік береді. Осылайша, ісіктер, бас­қа да қа­бы­ну процес­тері, сүйек құры­лы­­мындағы ауру­лар және т.б. дерт­термен күресуге болады.

Сонымен бірге, ауыр жағдай­лар­да ағзаны контрастпен тек­се­руге болады. Ол үшін қосымша инжектор құралы орнатылған. 2019 жылдан бастап Кентау орталық қалалық ауруханасының базасында Кентау қаласы мен оған қарасты ауыл тұрғындарына орталықтандырылған зертхана қыз­мет көрсетіп келеді. Атап айт­қанда, биохимиялық, серало­гия­лық, клиникалық, гемото­ло­гия, когулограмма, ИФА, БАК, циталогиялық зертхана талдау­ла­­ры автоматтандырылған ме­ди­­­циналық зертханалық құ­рал-жабдықтармен талдама қо­ры­­тындылары беріледі. Аталған орта­лық қазіргі таңда 200 000 ха­лықты қабылдап отыр.

Ауруханада 50 күндізгі, 10 ақы­лы және 322 стационарлы төсек бар. Осы жылдың қаңтар айынан бастап Кентау орталық қалалық ауруханасы және оған қарасты бөлімдерде науқастар тарихы тегіс электронды тіркеуге өткен. Аурухананың қабылдау бөлімі цифрлық SOS «Көмек» бағдарламасымен жабдықталған. Қазіргі таңда хирургиялық, ги­не­­кологиялық және потоло­гиялық оталар лапараскопиялық әдіспен жасалып жатыр.

2019 жылдың басынан бастап ауруханада 20 орындық инсульт орталығы қызмет көрсетіп келе­ді. Бүгінгі таңға дейін 50 науқас­ты емдеп шығарған. Аурухана бөлімдері 100 пайыз компьютер­лік техникамен жабдықталған. Мұнда жалпы саны 529 қызмет­кер бар. Оның ішінде 55 дәрігер, 290 орта буынды медицина қыз­мет­кері, 148 кіші буынды және 36 әртүрлі қызметкер жұмыс іс­теп жатыр. Дәрігерлер де жоға­ры білікті. Олай дейтін себебіміз – мұн­да 27 жоғары категориялы дәрі­гер және 129 жоғары кате­го­рия­­­лы мейірбикелер қызмет ете­ді.

 

Мейрамгүл СЫБАН