Батырдың есімі берілді
Батырдың есімі берілді
299
оқылды

Ақтөбедегі №62 орта мектепте «Менің төрешілерім – уақыт пен халық» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға Ақтөбе қаласы әкімдігінің өкілдері, тарихшы ғалымдар, жоғары оқу орны мен мектеп мұғалімдері және оқушылар қатысты.

Іс-шара алдында Б.Мо­мыш­ұлы музейінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, кездесудің құрметті қонағы Зейнеп Ахметова мен қала әкімі Ілияс Испанов ке­шен­нің лентасын қиды. Құт­тықтау сөз сөйлеген қала әкімі аңызға айналған қолбасшы Ба­уыржан Момышұлының өске­лең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін атап өтті. Музейде батырдың кітап­тары, отбасылық фотосуреттер, құжаттар қойылған. Әлия­та­нушы Ғалымжан Бәйдербес музей патриоттық тәрбиенің бастауы екенін айтып, мұндай шаралар барлық мектептерде жалғасу керектігін тілге тиек етті. Жиынға қатысушылар алды­мен «Адал ұл ер боп туса – ел тірегі» атты презентацияны та­машалады. Басқосу барысында Б.Момышұлының келіні Зейнеп Ахметоваға сөз сөйледі. Ол өз кезегінде шараны ұйымдасты­рушыларға алғысын жеткізіп, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық Қа­һарманы, қазақтың көрнекті жа­зушысы жайында жылы естеліктерімен бөлісті. Үкімет қаулысына сәйкес, қаладағы 5 мектепке батырлар мен қоғам қайраткерлерінің есімі берілді. Ақтөбедегі №62 орта мектеп Бауыржан Мо­мышұ­лы­ның есімімен аталатын болды. Сондай-ақ Шәкәрім Құдайбер­діұлы, Міржақып Дулатов, Ұзақ­бай Құлымбетов, Жұмабек Тәшенов есімдері № 66, 63, 64, 68 орта мектептеріне берілді. Салтанатты рәсімнің құр­мет­ті қонақтары мен қаты­су­шы­лары дөңгелек үстелдің жұмы­сын қо­рытындылай келе, педа­гогикалық ұжымға кездесуді жоғары дең­гейде ұйымдас­тыр­ғаны үшін ри­зашылығын білді­ріп, келешекте бірлескен ша­ралар өткізу жөнінде ұсынысын жеткізді. Інжу БАЛТАБЕКҚЫЗЫ