Экологиясы нашар Испанияда төтенше жағдай жарияланды
Экологиясы нашар Испанияда төтенше жағдай жарияланды
999
оқылды
Испания үкіметі климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдай жариялады, – деп жазады 24.kz. Жергілікті билік көктемнің соңына дейін жаһандық жылынумен күрес бағдарламасын ұсынуға да уәде берді. Шенеуніктердің бұл шешіміне климатты қорғауға арналған жаппай шерулер түрткі болып отыр. Осы орайда Министрлер кабинеті экологияны қорғау бойынша 30 нақты қадам ұсынбақ. Жалпы, 2050 жылға қарай Испания атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газын 100 процентке азайтуды көздеп отыр. Ол үшін алдағы 20 жыл ішінде мемлекет 95 процентке дейін баламалы қуат көздеріне көшуі тиіс.