Бүгін ауа райы қандай болады?
1-3 градус үсік жүреді: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы
3,739
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 24 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін де республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Соған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қазақстанның солтүстігінде – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батысында, оңтүстігінде – қатты жаңбыр жауады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады деп күтілуде.

Ел аумағы бойынша екпінді жел, оңтүстік-батыста, шығыста, солтүстікте, орталықта тұман күтіледі. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.