Бүгін сағат 17:00-де Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі оқылды.
4 жылға сотталған Байжанов: Менің кінәм не?
Жоғарғы сот
5,086
оқылды

Сөйтіп экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға түрмеге қамалды. Ал оқиға орнында оның жанында болып, қылмысты жасыруға атсалысқан Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сот Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлын Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін  99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпты деп танып, оған: ҚР ҚК-нің 2-бөлігі, 7 жыл бас бостандығынан айыру, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша, қылмыстардың жиынтығы бойынша 20 жыл бас бостандығынан айыру жазаны ішінара қосып, түпкілікті 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – деді судья А. Құлбаева.

Үкім оқылғаннан кейін судья сот үкіміне қатысты сұрақтар бар я жоғын сұрады. Сол кезде Б. Байжанов:

Шыны керек, мен неге 4 жылға? Менің кінәм не? Жазықсыз адамды соттадыңыздар, – деді.

Ал оған судья А. Құлбаева:

Сот пен алқабилердің дауыс беруі арқылы осындай шешім шықты. Үкімнің көшірмесін алғаннан кейін, 15 күн ішінде арыздана аласыз, – деді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.