Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін және жел күшейеді.
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 14-16 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: pixabay
2,959
оқылды

"Қазгидромет" РМК 14-16 мамырға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін және жел күшейеді.

14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. 16 мамырдан бастап солтүстік-батыс енуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.