Қайда екенін білмеймін, бірге тұрмаймыз: Мақпал Исабекова күйеуі туралы айтты

Танымал эстрада әншісі Мақпал Исабекова желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Өнер иесі сұрақ-жауап барысында күйеуі жайлы ел күтпеген мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші бүгінде жолдасымен бірге тұрмайтынын жасырмады. Мақпал Исабековаға Instagram желісінде жолданған сұрақтардың көбісі күйеуі жайлы болатын. Ол өзіне жолдасын көрсетпей кеткенін жарыса жазғандарға шүйлігіп, былай деп жауап берді: "Менің күйеуіме қатысты сұрақтар таусылар емес. "Қайда? Көрсет", "Бар ма өзі?", "Неге салмайсың?", "Ажырастың ба?" деген сұрақтар келіп жатыр. Оны қайтесіздер? Біреудің күйеуін не істейін деп едіңіздер? "Бар ма, жоқ па?" деген сұрақ талай рет қойылды. Бірнеше мәрте жауап та бердім", – деп ашуланды әртіс.

Сонымен қатар Исабекова бүгінде күйеуі қайда екенін білмейтінін айтып қалды.

"Оны бұрын көрмегендей айтасыздар. Оның қайда екенін білмеймін. Біз бірге тұрмаймыз", – деп жазды ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.