«Ұнамады»: Айнұр Тұрсынбаева туған күніне берген ең қымбат сыйлықты көрсетті

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева туған күніне тарту еткен ең қымбат сыйлықты көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алайда әлеуметтік желідегі парақшасында бағалы сыйлық ұнамағанын айтты.

"35 мың доллар тұратын сөмке туған күніме сыйлыққа келді. Бірақ маған ұнамады. Ол ақшаға бір отбасына пәтер әпергенім дұрыс болар еді... Дәл сол күні Әминаға пәтер сыйладық. Мен шынында сөмке, киімге қатты қызықпаймын. Алтын, бриллиантты жақсы көремін" - деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.