Қазіргі уақытта Карина Мамаш әпкесі және балаларымен Қазақстанға оралды.
Күйеуі 10 жыл бойы азаптағанын айтқан дипломаттың әйелі Астанадағы дағдарыс орталығына орналасты
Фото: "Қорғау" дағдарыс орталығы
911
оқылды

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш әлеуметтік желіде күйеуінің өзіне он жыл бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткені туралы ақпарат жариялаған еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, 5 мамырда дипломат Карина мен оған қонаққа келген үлкен әпкесін соққыға жыққан. Әйел жағдайын айтып, көмек сұраған болатын.

Қазіргі уақытта Карина Мамаш әпкесі және балаларымен Қазақстанға оралды. Бұл туралы «Қорғау» дағдарыс орталығы жазды.

Каринаны әуежайда жақын достары қарсы алды, күйеуінің туыстары да келді. Балаларынан қорыққан ол дағдарыс орталығына жүгінген. Қазіргі уақытта ол балаларымен бірге дағдарыс  орталығында психолог пен заңгердің көмегі мен қызметін алып жатыр.

Қазақстандық  дипломаттың әйелі күйеуі 10 жыл бойы азаптағанын мәлімдегенін жазған болатынбыз. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр болған оқиғаға қатысты  пікір білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.