Әнші өз репертуарындағы патриоттық әндерді орындап, сотталғандардың ризашылығына бөленді.
Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті
Фото: polisia.kz
2,415
оқылды

Алматы қаласы Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 72 мекемесінде Жеңіс мерекесінің құрметіне Қазақстанның белгілі әншісі Саят Медеуов сотталғандарға өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің жазуынша, өнер қайраткерімен кездесу алдында мекеме ұжымы мен шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтаған №72 мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры А.Әлімжанов Қазақстан халқы үшін маңызы зор мерекенің маңызымен таныстырып, құттықтау сөз сөйледі. 

– Жеңіс күнінің Қазақстан халқы үшін маңызы зор мереке. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі бейбіт өмірі кешегі аталарымыздың соғыстағы жеңісімен келгені аян. Сондықтан Жеңіс мейрамы жыл сайын республика көлемінде зор салтанатпен аталып өтеді. Мекемедегі маңызы зор мерекенің салтанатына қазақ елінің сүйікті әншісі Саят Медеуовтің қатысуы біз үшін үлкен қуаныш. Қазақтың қоңыр дауысты әншісі Саяттың өнеріне алғысымызды білдіреміз, – деді мекеме бастығының орынбасары А.Әлімжанов өз құттықтауында. 

Ішкі істер министрлігінің ҚАЖД мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының тармақтарын орындау мақсатында ұйымдастырылған кездесуде әнші өз репертуарындағы патриоттық әндерді орындап, сотталғандардың ризашылығына бөленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.