«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев соғыс ардагері Владимир Дровосековты Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.
«AMANAT»: Майдангер Владимир Дровосековты Жеңіс күнімен  құттықтады
359
оқылды

Соғыстың басында ардагер әскери зауытта токарь болып жұмыс істеді. 1944 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылды. Ол 3-ші Беларусь майданының құрамында соғысып, Беларусь, Польша және Германия қалаларын фашистерден азат етуге қатысты. Оның ерлігі назардан тыс қалған жоқ. Ол «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды. 

 

Соғыстан оралғаннан кейін ол жастарға тәлімгер болды, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, вагон жөндеу зауытының механигі болып зейнетке шықты. Жұбайымен бірге балаларына – үш ұлы мен қызына лайықты білім берді.

Партия хатшысы Владимир Ивановичке зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.