Медальдық есепте Қазақстан бәсекелестері – Үндістан (жеті алтын) және Өзбекстан (төрт алтын) елдерін басып озып, сенімді түрде бірінші орынға шықты.
Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы басты бәсекелестерінен басып озды
Фото: Бокс федерациясы
1,153
оқылды

22 жасқа дейінгі қазақстандық боксшылар Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында он төрт алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sports.kz жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Медальдық есепте Қазақстан бәсекелестері – Үндістан (жеті алтын) және Өзбекстан (төрт алтын) елдерін басып озып, сенімді түрде бірінші орынға шықты. 

Айта кетейік, ерлер мен әйелдер арасындағы турнирдің барлық «алтыны» ақыр соңында осы үш ел арасында бөліске түсті. 

Азия чемпионы атанған боксшылар: Кенже Мұратұлы (51 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Елнұр Сүйінбай (67 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), Бекнұр Батырбек (92 келі), Гүлнар Тұрапбай (50 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Ақнар Ишанова (66 келі), Жасмин Қизатова (70 келі), Диана Мағауияева (81 келі) және Елдана Тәліпова (+81 келі).