Бүгін ауа райы қандай болады?
1-3 градус суық: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы
1,043
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін елдің батысында, шығысында және оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

– Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі деп болжанады. Республикамыз бойынша желдің екпін алу сипаты тән, солтүстік-батыста, шығыста тұман түседі деп күтіледі, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды, Абай облыстарының солтүстік-шығысында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында да 1 градус суық болып, топырақ беті қатады, үсік жүреді деп күтілуде. 

– Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, Түркістан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде де өрт қаупі жоғары, – деді синоптиктер.