Жедел жәрдем келгенге дейін медбике реанимациялық көмек көрсетті.
Ақмола облысындағы балабақшада бүлдіршін қайтыс болды
Фото: pexels.com
559
оқылды

Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленый бор ауылындағы "Ромашка" балабақшасында 6 жасар бала көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сағат 13:30-да тәрбиеші 2017 жылы туған қыз баланың терісінің көгергенін байқап, дереу мекеменің медбикесі мен жедел жәрдемді шақырған.

"Жедел жәрдем келгенге дейін медбике реанимациялық көмек көрсетті. Реанимациялық шаралар нәтижелі болмаған. Жедел жәрдем келгеннен кейін биологиялық өлім тіркелді. Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Баланың ата-анасына көңіл айтамыз", – деді басқармадан.

Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Ақмола облысының Полиция департаменті.