Сенатор Нұртөре Жүсіп Қ.Құлжанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің құрметті профессоры атанды.
Сенатор Нұртөре Жүсіп құрметті профессор атанды
622
оқылды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіпке Қ.Құлжанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті Ғылыми кеңесінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі шешімі негізінде Құрметті профессор атағы берілді. Бұл туралы Сенатор Нұртөре Жүсіппен жүздескен Қ. Құлжанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Абай Тоқсаба мәлімдеді. 

 

Сенаторға құрметті атақ беру туралы сертификат және алған мәртебесін бекітетін профессордың мантиясы берілді. Өз кезегінде Нұртөре Жүсіп университет басшылығына және ғылыми кеңеске көрсеткен сенімі үшін зор алғысын білдірді. 

«Менің білуімше, Құрметті профессор атағы бәріне берілмейді. Бұл – ғалымдар мен зерттеушілерге ғылым мен білімге қосқан елеулі үлесі үшін берілетін жоғары атақ. Бұл дәреже ғылыми жетістіктер мен ғылымға деген адалдықты мойындау болып табылады. Сондықтан мен, маған көрсеткен сенімімді ақтау үшін бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсаймын», – деді Нұртөре Жүсіп. 

Сонымен қатар жүздесуде тараптар бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде, отандық ғылымды дамыту, жоғары білім сапасы және тағы басқа мәселе бойынша пікір алмасты.