Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі әйелі мен оның үлкен әпкесін ұрып-соққан.
БАӘ-дегі елшінің кеңесшісі әйелін 10 жыл бойы азаптаған: Карина Мамаш үндеу жариялады (видео)
Фото: видеодан алынды
4,198
оқылды

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі әйелі мен оның үлкен әпкесін ұрып-соққан. Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрлігінен Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі жасап отырған әрекетке араласып, әйелін күйеуінен қорғауды талап етеміз. Ол әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққан», – деп жазды белсенді.

Әйелдің өзі видеоүндеу жариялап, 10 жылдан бері күйеуінен қорлық көріп келе жатқанын айтады.

«Мен Мамаш Карина Госманқызы БАӘ елшісінің кеңесшісі Мамаш Сәкен Ташкенбайұлының әйелімін. 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келемін. Мен жұбайымның маған көрсеткен бүкіл қорлығы үшін дипломат мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Ол маған физикалық, жыныстық, эмоционалды, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті», – дейді ол.

Дина Таңсәрі әйелді балаларымен бірге Қазақстанға қайтаруды сұрады. БАӘ елшісі кеңесшісін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

«Фото мен видео азаптаудың болғанына дәлел. Президент Тоқаевқа, ІІМ, СІМ-ге ресми үндеу жасаймыз. Зорлықшының үстінен қылмыстық іс ашуды талап етеміз!», – деді Дина Таңсәрі.

Ол «Видеоға қараңыздар, Мөлдір Қабылова мен Салтанат Нүкенованың тағдыры қайталанып жатыр» деді.