"Ұрып қалса, талып қаламын" деген ой келетін", – дейді желі жұлдызы.
Ер адамдардан қорқып қалдым: Танымал блогер зорлыққа ұшырағанын мәлімдеді
499
оқылды

Желі жұлдызына айналған Juzzefinа лақап атымен танылған Жұлдыз Жауынбаева ер-азаматтардан көңілі қалғанын айтты, – деп жазады Aikyn.kz.

Өнер иесі “Қораға кірдік” картинасында басты рөлді сомдап, актрисалық қабілетін шыңдаған болатын. Өзінің айтуынша, мұндағы кейіпкердің тағдыры өзінікімен ұқсас болып шыққан. 

“2022 жылы жігітіммен сәтсіз қарым-қатынас болған. Бірақ ол оқиға маған сабақ болып, мойымадым. Ақшалай 2 миллион, заттай 1 миллионға қарызға кіргізіп кетті. Тіпті, маған қол көтеріп, зорлық жасауға дейін барды. Ұрып-жыққаны да жасырын емес. Оқиғадан кейін ер адамдардан қатты сескеніп, үйден шыға алмай қалған кездер болды. Психологпен жұмыс істей бастадым. Ер адам жоласа, айқайласа, бірден қорқыныш пайда болады. "Ұрып қалса, талып қаламын" деген ой келетін", – дейді желі жұлдызы. 

Сонымен қатар блогер қыздарға кеңес айтып, пысық болуға үндеді. 

“Қазақ қыздары жоқ жерде ұялып, жабылып қалады. Бұл дұрыс емес. Жұлып, жеп тұру керек. Мен өзім аңқау болдым. Зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқанда айқайлау ұят емес. Жалпы, ұят дегенді ұмыту керек. Жігіттерден де қу болып өмір сүруге болады”, – деп ақыл айтты блогер.